Eліміздe бaспaнaлы бoлғысы кeлeтін қaзaқстaндықтaр үшін әртүрлі ипoтeкaлық бaғдaрлaмaлaр бaр. Aл мeмлeкeттік бір ғaнa бaғдaрлaмa бaр. Oл — «Нұрлы жeр» бaғдaрлaмaсы. Ипoтeкaлық бағдарламалардан қалай пәтер алуға болады? Олардың есептеу жүйесі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
«Нұрлы жер» бағдарламасы
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді. Бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына кредит бойынша субсидия алатын жекеменшік компаниялар баспананың 50 пайызын Нұр-Сұлтан, Алматы және қала маңындағы елді мекендерде, Шымкент, Атырау және Ақтауда белгіленген бағамен, бір шаршы метрі 260 мың теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде 220 мың теңгеге дейін сатады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы (Алматы және Нұр-Сұлтан бойынша) несиені есептеу калькуляторы бойынша пәтер құны 15 миллион теңге деп есептесек:
Ипотеканы қалай тез әрі тиімді жабуға болады
«Бақытты отбасы» бағдарламасы
«Бақытты отбасы» — табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша өз үйіңізді сатып алуға қарыз рәсімдеу үшін сіздің атыңызда және сізбен бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы қажет.
Бағдарлама шарттары:
Қарыз мөлшерлемесі жылдық — 2 пайыз, ең төменгі бастапқы жарна қарыз сомасының 10 пайызы болады. Қарыз 20 жылға беріледі. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында қарыз сомасы 15 миллион теңгеге дейін болса, басқа аймақтарға 10 миллион теңгеге дейін. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жаңа салынған үйден жаңа пәтер, қолданыста болған пәтер және жеке тұрғын үй сатып алуға болады.
Маман баспананы жылдың қай мезгілінде сатып алу керек екенін айтты
Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі ең төменгі жалақыдан артық болмауы керек (2019 жылы ЕТЖ 42 500 теңгеге тең).
Отбасында алты адам болса, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін ең жоғарғы табыс келесідей болады: 6 адам х 42 500 теңге = 255 000 теңге болады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы несиені есептеу калькуляторы бойынша пәтер құны 10 миллион теңге деп есептесек:
Егер бастапқы жарнаны 10 пайыздан артық құйсаңыз, ай сайынғы төлем бұдан да төмен болады.
«7-20-25» бағдарламасы
Жұмыс істейтін әр қазақстандық «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспаналы бола алады. Бағдарлама жаңа тұрғын үйден пәтер сатып алуға мүмкіндік береді.
Негізгі шарты:
— 7 пайыз — сыйақы мөлшерлемесі;
— 20 пайыз пәтердің кепілді бағасының бастапқы жарнасы;
— 25 жылға дейін — кредит мерзімі.
Айта кетейік, ипотекалық бағдарламаға кез келген адам қатыса алады.
Бағдарламаның негізгі шарттарына мыналар жатады:
— қарыз алушының жеке баспанасы мен ипотекалық қарызы болмауы тиіс;
— табысын растауы қажет;
— табысы жетпеген жағдайда, қосалқы қарыз алушы тартуға болады.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында — 25 миллион теңгеге дейін, қалған өңірлерде 15 миллион теңгеге дейін кредит беріледі.
Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау және қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы арқылы несиені есептеу калькуляторы бойынша пәтер құны 20 миллион теңге деп есептесек:
Мембағдарлама арқылы баспана алу үшін жалақы қанша болуы керек?
«Өз үйім» бағдарламасы
Аталған бағдарламалардан бөлек несиелеу шарттары тиімді «Өз үйім» ипотекалық бағдарламасы бар. «Өз үйім» — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеке бағдарламасы.
Бағдарлама бойынша бастапқы жарна үй құнының 20 пайызы болса, заем сомасы 90 миллион теңгеге дейін. Қарыз мерзімі таңдалған заем түріне байланысты 6 айдан 25 жылға дейін.
«Өз үйім» бағдарламасы арқылы несиені есептеу калькуляторы бойынша пәтер құны 18 миллион теңге деп есептесек:
«Баспана хит» бағдарламасы
«Баспана Хит» — бастапқы тұрғын үйді де, қолданыста болған тұрғын үйді де сатып алу үшін тиімді ипотекалық бағдарлама. 50 жылдан ескі емес үйді тиімді талаптар бойынша сатып алу мүмкіндігі бар.
Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі — 10,75 пайыз, бастапқы жарнасы 20 пайыздан бастап және кредиттеу мерзімі 15 жылдан аспайды. Бағдарлама бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да сатып алуға болады.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында тұрғын үйдің ең жоғары құны — 25 миллион теңге,
қалған өңірлерде — 15 миллион теңге.
«Баспана хит» бағдарламасы арқылы несиені есептеу калькуляторы бойынша пәтер құны 23 миллион теңге деп есептесек:
Есептеу тұрғын үй бағдарламаларының сайтында
көрсетілген калькулятормен жүргізілді
Баспаналы болудың тиімді жолы қайсы — Жер алып, үй салу нұсқасы