Бүгіндe eліміздe бaспaнaлы бoлғысы кeлeтін қaзaқстaндықтaр үшін әртүрлі ипoтeкaлық бaғдaрлaмaлaр бaр. Aл мeмлeкeттік бір ғaнa бaғдaрлaмa бaр. Oл — «Нұрлы жeр» бaғдaрлaмaсы. Ипoтeкaлық бағдарламалардан қалай пәтер алуға болады? Олардың есептеу жүйесі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
«Нұрлы жер» бағдарламасы
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді. Бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысына кредит бойынша субсидия алатын жекеменшік компаниялар баспананың 50 пайызын Нұр-Сұлтан, Алматы және қала маңындағы елді мекендерде, Шымкент, Атырау және Ақтауда белгіленген бағамен, бір шаршы метрі 260 мың теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде 220 мың теңгеге дейін сатады.
«Не істеуім керек?». «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетіндерге кеңес
«Нұрлы жер» бағдарламасына «Бақытты отбасы» бағдарламасы да кіреді.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы
«Бақытты отбасы» — табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша өз үйіңізді сатып алуға қарыз рәсімдеу үшін сіздің атыңызда және сізбен бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы қажет.
Бағдарлама шарттары:
Қарыз мөлшерлемесі жылдық — 2 пайыз, ең төменгі бастапқы жарна қарыз сомасының 10 пайызы болады. Қарыз 20 жылға беріледі. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында қарыз сомасы 15 миллион теңгеге дейін болса, басқа аймақтарға 10 миллион теңгеге дейін. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жаңа салынған үйден жаңа пәтер, қолданыста болған пәтер және жеке тұрғын үй сатып алуға болады.
Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі ең төменгі жалақыдан артық болмауы керек (2019 жылы ЕТЖ 42 500 теңгеге тең).
Отбасында алты адам болса, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін ең жоғарғы табыс келесідей болады: 6 адам х 42 500 теңге = 255 000 теңге болады.
Мәселен пәтер бағасы 10 миллион теңге болса, сәйкесінше қарыз сомасы — 10 миллион, бастапқы жарна 10 пайыз яғни бір миллион теңге болады. Бастапқы жарнаны 10 пайыздан артық құйсаңыз, ай сайынғы төлем бұдан да төмен болады.
«7-20-25» бағдарламасы
Жұмыс істейтін әр қазақстандық «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспаналы бола алады. Бағдарлама жаңа тұрғын үйден пәтер сатып алуға мүмкіндік береді.
Негізгі шарты:
— 7 пайыз — сыйақы мөлшерлемесі;
— 20 пайыз пәтердің кепілді бағасының бастапқы жарнасы;
— 25 жылға дейін — кредит мерзімі.
Айта кетейік, ипотекалық бағдарламаға кез келген адам қатыса алады.
Бағдарламаның негізгі шарттарына мыналар жатады:
— қарыз алушының жеке баспанасы мен ипотекалық қарызы болмауы тиіс;
— табысын растауы қажет;
— табысы жетпеген жағдайда, қосалқы қарыз алушы тартуға болады.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында — 25 миллион теңгеге дейін, қалған өңірлерде 15 миллион теңгеге дейін кредит беріледі.
Бағасы 15 миллион теңгенің пәтері үшін ай сайынғы төлем 70 мың теңгедей болады. Алғашқы жарна 3 миллион теңге болып, кредиттеу мерзімі — 300 ай. Ал қалған өңірлердегі 10 миллион теңгенің пәтері үшін ай сайын шамамен 46 мың теңге төлейсіз. Бұл жағдайда алғашқы жарна — 2 миллион теңге, кредиттеу мерзімі 300 ай болады.
«Өз үйім» бағдарламасы
Аталған бағдарламалардан бөлек несиелеу шарттары тиімді «Өз үйім» ипотекалық бағдарламасы бар. «Өз үйім» — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеке бағдарламасы.
Бағдарлама бойынша бастапқы жарна үй құнының 20 пайызы болса, заем сомасы 90 миллион теңгеге дейін. Қарыз мерзімі таңдалған заем түріне байланысты 6 айдан 25 жылға дейін.
«Баспана хит» бағдарламасы
«Баспана Хит» — бастапқы тұрғын үйді де, қолданыста болған тұрғын үйді де сатып алу үшін тиімді ипотекалық бағдарлама. 50 жылдан ескі емес үйді тиімді талаптар бойынша сатып алу мүмкіндігі бар.
Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі — 10,75 пайыз, бастапқы жарнасы 20 пайыздан бастап және кредиттеу мерзімі 15 жылдан аспайды. Бағдарлама бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да сатып алуға болады.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында тұрғын үйдің ең жоғары құны — 25 миллион теңге,
қалған өңірлерде — 15 миллион теңге.
Мәселен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларының бірінен 13 миллион 900 мың теңгеге баспана алатын болсаңыз, 15 жылға — бастапқы жарнасы 5 миллион теңге мен ай сайынғы төлем шамамен 102 мың теңге болады.
Қалған өңірлерден 9 миллион 500 мың теңгеге 15 жылға пәтер алсаңыз — бастапқы жарна 3 миллион теңгені құрап, ай сайынғы төлем шамамен 74 мың теңге болады.
Мембағдарлама арқылы баспана алу үшін жалақы қанша болуы керек?